Главная / Общие положения
О проекте

«Қала хикаялары» конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереже «Қала хикаялары» қалалық проза жанрындағы шығармалардың республикалық әдеби конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

Конкурстың мақсаты – қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін, урбанистік мәдениетін, қала кеңістігіндегі адам тағдырын, қоғамдық өзгерістерді, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығын көркем әдебиет арқылы бейнелейтін жаңа прозалық шығармаларды анықтау және қолдау.

Конкурс қалалық прозаны белсенді дамыта отырып, қоғам арасында қалалық мәдениетті кеңінен таратуға, адамдардың айналасына құрметпен қарауына, сондай-ақ ұлттық әдебиеттің тақырыптық аясын кеңейтуге өз септігін тигізетін болады.

Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Конкурсты өткізуге мемлекеттік органдар, шығармашылық ұйымдар, жоғары оқу орындары, баспалар, кітапханалар, демеушілер және өзге де ұйымдар серіктес ретінде қатыса алады.

 

І. КОНКУРСҚА ӨТІНІМДЕР ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

 

1.1 Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматы өтінім бере алады.

1.2 Конкурсқа өтінімдер күнтізбелік жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсан айына дейін қабылданады.

1.3 Конкурсқа бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, көлемі 10 авторлық парақтан (1 авторлық парақ 40 000 белгіге тең) кем емес қалалық проза тақырыбындағы роман қабылданады.

1.4 Конкурсқа бір үміткерден тек бір шығарма қабылданады.

1.5 Конкурсқа Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, өзін-өзі өлтіруді, порнографияны, есірткіні, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де құқыққа қайшы кітаптар қабылданбайды;

1.6 Өтінімдерді қабылдау www.qalahikayalary.com сайтында (бұдан әрі - Сайт)жүргізіледі. Авторлар Сайттағы өтінім парағын толтыра отырып Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік ұлттық институтының (www.kazpotent.kz) сертификаты арқылы авторлық құқық иесі екендігін растайды.

 

ІІ. Конкурс сыйлығын тағайындау тәртібі

 

2.1 Өтінімдерді қарау үш кезеңнен тұрады.

І кезең – Жасанды интелект үлесін анықтау;

ІІ кезең – Сараптамалық комиссия жұмысы;

ІІІ кезең – Ведомоствоаралық комиссия шешімі.

2.2 Сайт ұсынылған романдардағы Жасанды интеллект (бұдан әрі - ЖИ) арқы.лы жазылған үлес пайыз арқылы анықтайды. Романда ЖИ үлесі 50% төмен өтінімдер келесі кезеңге өтеді.

2.3 Министрлік бекіткен Сарапшылар комиссиясы авторы жасырынған романдарды 2027 жылғы наурыз айының соңына дейін оқиды. Комиссия құрамына қаламгерлер, қоғам қайраткерлері кіреді. Комиссия құрамын Министрлік бекітеді.

2.4 Комиссия құрамы Сайттағы Өтінім берушінің жеке кабинетінде оң немесе теріс сараптама қорытындысы жарияланады. Әр романға кем дегенде 5 рецензия жазылады.

2.5 Оң сараптамалық қорытынды алған өтінімдер Ведомоствоаралық комиссияғаұсынылады. Ведомоствоаралық комиссия мүшелері Конкурс жеңімпаздарын ашық дауыс беру арқылы анықтайды.

2.6 Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген жағдайда, шешім қабылданған болып есептеледі. Егер комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінсе, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

2.7 Конкурс жеңімпаздары жыл сайын қаржылай сыйақы және дипломмен марапатталады.

2.8 Конкурста жүлделі орын алған романдар Қазақстанның барлық кітапханаларына (15 мың тиражбен) таратылады.

 

ІІІ. Конкурстың сыйақы мөлшері

 

1 орын – 75 мың АҚШ доллары;

2 орын – 50 мың АҚШ доллары;

3 орын – 30 мың АҚШ доллары;

Гран-при – 100 мың АҚШ доллары.