"ҚАЛА ХИКАЯЛАРЫ" БАЙҚАУЫ
Конкурстың мақсаты – қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін, урбанистік мәдениетін, қала кеңістігіндегі адам тағдырын, қоғамдық өзгерістерді, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығын көркем әдебиет арқылы бейнелейтін жаңа прозалық шығармаларды анықтау және қолдау.

Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

І. КОНКУРСҚА ӨТІНІМДЕР ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

 

1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматы өтінім бере алады.

2. Конкурсқа өтінімдер күнтізбелік жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсан айына дейін қабылданады.

3. Конкурсқа бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, көлемі 10 авторлық парақтан (1 авторлық парақ 40 000 белгіге тең) кем емес қалалық проза тақырыбындағы роман қабылданады.

4. Конкурсқа бір үміткерден тек бір шығарма қабылданады.

Жүйеге қош келдіңіз!
Сіздің бейініңіздің қауіпсіздігін арттыру және қорғау мақсатында Сізге авторизациялау барысында ЭЦҚ міндетті түрде қол қою қолданылатынын хабарлаймыз. Осы тәсіл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес енгізіледі.
_______________________

Конкурс сыйлығын тағайындау тәртібі

 

1. Өтінімдерді қарау үш кезеңнен тұрады.

І кезең – Жасанды интелект үлесін анықтау;

ІІ кезең – Сараптамалық комиссия жұмысы;

ІІІ кезең – Ведомоствоаралық комиссия шешімі.

2. Ұсынылған романдардағы Жасанды интеллект арқылы жазылған үлес пайыз арқылы анықтайды. Романда ЖИ үлесі 50% төмен өтінімдер келесі кезеңге өтеді.