
І. КОНКУРСҚА ӨТІНІМДЕР ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматы өтінім бере алады.
2. Конкурсқа өтінімдер күнтізбелік жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсан айына дейін қабылданады.
3. Конкурсқа бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, көлемі 10 авторлық парақтан (1 авторлық парақ 40 000 белгіге тең) кем емес қалалық проза тақырыбындағы роман қабылданады.
4. Конкурсқа бір үміткерден тек бір шығарма қабылданады.
Конкурс сыйлығын тағайындау тәртібі
1. Өтінімдерді қарау үш кезеңнен тұрады.
І кезең – Жасанды интелект үлесін анықтау;
ІІ кезең – Сараптамалық комиссия жұмысы;
ІІІ кезең – Ведомоствоаралық комиссия шешімі.
2. Ұсынылған романдардағы Жасанды интеллект арқылы жазылған үлес пайыз арқылы анықтайды. Романда ЖИ үлесі 50% төмен өтінімдер келесі кезеңге өтеді.