Қолдану ережелері
1. Интернет-ресурсты пайдаланудың жалпы шарттары
1.1. Осы Интернет-ресурстың иесі «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.
1.2. «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерге мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін автор және осы Интернет-ресурсты қолдануға құқылы тұлға (бұдан әрі-Пайдаланушы) Интернет-ресурстың пайдаланушысы болып табылады.
1.3. Пайдаланушы www.qoljazba.bookfund.kz Интернет-ресурсына тіркелген кезде бірден күшіне енетін төмендегі шарттардың заңды түрде орындалуына келіседі.
1.4. Осы келісімді Комитет кез келген уақытта, қандай да бір арнайы хабарламасыз толық немесе ішінара өзгертуі мүмкін. Келісімнің жаңа редакциясы Интернет-ресурста жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
2. Материалдарды qoljazba.bookfund.kz. Интернет-ресурсында орналастыру шарттары:
2.1. Пайдаланушы өз материалдарын орналастыру үшін qoljazba.bookfund.kz Интернет-ресурсында тіркеуден өтеді.
2.2. Тіркелген автор өзі ұсынған туындыны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруына келісім берген тұлға болып табылады.
3. Интернет-ресурсында орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары:
3.1. Осы Интернет-ресурсында жарияланған материалдарды көшіру, қайта басу және кейіннен тарату, тек қана Комитеттің жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі. Яғни, жазбаша келісімсіз пайдалануға болатын ақпарат көзіне белсенді гиперсілтемесін міндетті түрде көрсетуі тиіс. «Пайдалануға рұқсат жоқ», – деген тиісті белгісі бар жағдайда, жаңалықтар хабарламасын пайдалануға рұқсат етілмейді;
3.2. Сайтта орналастырылған жаңалықтар хабарламасын тарату басқа редакцияда (рерайт) баяндалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Дегенмен, шығатын материалға «qoljazba.bookfund.kz хабарлайды» үлгісіндегі гиперсілтеме жасау міндеттеледі;
3.3. Сайтта орналастырылған инфографика, фото, видео және аудиоматериалдарды «Комитет» әкімшілігінен жазбаша рұқсат алған жағдайда ғана пайдалануға болады. Бұл материалдарды редакциялауға тыйым салынады. Шағым-тілектеріңіз болған жағдайда «Комитет» әкімшілігіне немесе сайт модераторларына хабарласыңыз.
Барлық құқықтар қорғалған.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде qoljazba.bookfund.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.